Осакаровка аудандық орталық ауруханасы базасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында заманауи гемодиализ орталығы ашылды. Оның қуаттылығы тәулігіне 15 ем алушыны қабылдауға мүмкіндік береді, деп жазады аудандық әкімдік баспасөз қызметі.
Гемодиализ қажет болған аудан тұрғындары Қарағанды қаласына баруға мәжбүр болды. Ауданда бүгінгі күні өмірлік маңызды ем-шараны қажет ететін мұндай 10 науқас есепте тұр.
Бүйректің созылмалы дертіне шалдыққан науқастарға медициналық қызмет көрсету саласында әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын Diaverum компаниясының арқасында гемодиализ орталығы ашылып отыр.
Айта кету керек, жыл сайын ауданның денсаулық сақтау саласын материалдық-техникалық жабдықтау жақсарып келеді.