Ағымдағы жылғы қыркүйекте 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 2%-ға қымбаттады, ал мал шаруашылығы өнімі 1,2%-ға арзандады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.
Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте баға жүгеріге 9,8%, қара бидайға - 9,7%, арпаға - 7,3%, күрішке - 3,2%, сұлыға - 5%, тарыға - 0,3%-ға өсті, ал қарақұмыққа 1,5%, бидайға - 0,1%-ға төмендеді.
Қырыққабат 20%, картоп - 12,4%, асханалық сәбіз - 8,4%, ашық топырақтын қиярлары - 7,5%, басты пияз - 5,8%, асханалық қызылша - 4,2%-ға қымбаттады, ал ашық топырақтын қызанақтары 10,2%-ға арзандады. Баға күнбағыс тұқымына 2,6%, бақша дақылдарына - 1,3%-ға төмендеді, ал кептірілген бұршаққа 7,8%, соя бұршаққа - 6%-ға өсті.
Қой еті 6,8%, ірі қара мал еті - 4,6%, жылқы еті - 4,3%, шошқа еті - 4,1%-ға қымбаттады, ал құс еті 2,3%-ға арзандады. Баға жұмыртқаға 27,8%-ға төмендеді, ал балға 3,2%, шикі сүтке - 2,9%, қой жүніне - 0,9%-ға өсті.