Өсімдік шаруашылығын субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізілді

592

Бұл туралы inbusiness.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Өсімдік шаруашылығын субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізілді Фото: gov.kz

2023 жылы 25 сәуірден бастап, өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер күшіне енді. 

Құжаттың негізгі жаңашылдықтары:

- минералды тыңайтқыштарға субсидия алу үшін электрондық агрохимиялық картограмманы тіркеу туралы талаптардың алынуы;   

- басымдықтағы дақылдарды қоспағанда, 2023 жылдың соңына дейін жерді қашықтықтан зондтау арқылы алқаптардың мәліметтерін растау бойынша кейінге қалдыруды ұсыну (белгіленген мерзімге дейін фермерлер міндетті түрде белгіленген құқықтық құжаттарға сәйкес егістіктердің деректерін түзетуі қажет. Тиісті кестені  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-мен бірлесіп бекітетін болады).

- өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемасын негізге ала отырып, басым дақылдарды өндіруді жергілікті атқарушы органдардың дербес субсидиялаудың орындылығын айқындау (субсидиялауға бидай жатпайды).

- тыңайтқыштар мен пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтар) арналған субсидиялар тізбелері мен нормаларын, сондай-ақ АШМ-ның келісімінсіз өсімдік шаруашылығындағы бағыттар бойынша субсидиялардың көлемін қалыптастыру және бекіту.

Енгізілген өзгерістерді мына сілтемеден танысуға болады: 

http://zan.gov.kz/client/#!/doc/180152/kaz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу