Осинов асуы жобасы жүзеге асырылып жатыр

1028

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар 25 жол қалпына келтіріледі.  

Осинов асуы жобасы жүзеге асырылып жатыр

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, биыл Шығыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар 25 жол жөнделеді. 

Атап айтқанда, Семей-РФ шекарасы-Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанат-РФ шекарасы, Семей-РФ шекарасы-Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Бел-Ағаш-Дмитриевка, Шемонаиха-Усть-Таловка, Большенарым-Күршім, Солдатово елді мекеніне кіру жолы, Большенарым-Күршім, Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра, Қарағанды-Аягөз-Боғас-Ырғызбай ата, Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар, Таврическое-Каменка-Завидное, Өскемен-Тарғын-Самарское, Шемонаиха-Большая Речка, Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы жолдары жаңартылады. 

Бұдан бөлек биыл 8 елді мекенге кіру жолы қалпына келтіріледі. 

"Қазір Талдықорған-Өскемен, Қалбатау-Майқашағай жолдары және Осинов асуы сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр", – деп жазды министрліктің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы - 8 584 шақырым. Олардың 81% қанағаттанарлық жағдайда. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу