ОСК Әміржан Қосановқа кандидат куәлігін тапсырды

1716

Әміржан Қосанов "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған.

ОСК Әміржан Қосановқа кандидат куәлігін тапсырды

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке Әміржан Қосановты кандидат ретінде тіркеді. Бұл туралы ОСК ресми сайтында хабарланды.

Әміржан Қосанов 27 сәуірде "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған болатын. Оның құжаттары талап етілген тәртіппен толық ОСК-ге жеткізілді. Сондай-ақ ол қазақ тілі емтиханынан сәтті өткен.

Үміткер Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына толық сәйкес деп танылып, қол жинауға қол қою парақтары берілді.

"Президенттікке кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты қолдап Қазақстанның 14 өңірінен оны Президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 131 189 азаматтың қолын жинаған, олардың ішінде 129 582 қол рас болып танылды", ­– делінген ОСК мәліметінде.

Ал талап бойынша кандидатты ең кемі  118 140 адам қолдап, қол қоюы қажет.

Осылайша, қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді деп танылған Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов ОСК қаулысымен президенттікке кандидат ретінде тіркелді, тиісті куәлік берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу