ОСК: «Ауыл» партиясы атынан ұсынылған 19 кандидат тіркеуге алынды
26 Қараша 2020 15:49 146

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы партияның құжаттарын ресми қабылдағанын мәлімдеді. Сонымен, «ауылдықтар» атынан Мәжіліс депутаттығына 19 кандидат ұсынылған. Олардың әрбірінен сайлау регламентіне сәйкес 637 500 теңгеден жарна алыныпты. Осылайша, «Ауыл» – орталық сайлау комиссиясы тіркеген алғашқы партия.
10 қаңтарға белгіленген Парламенттік сайлауға жалпы 6 партия қатысады.