Орталық сайлау комиссиясы президенттікке Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасын тіркеуден бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, қолдауға 58 889 қол жиналды, тексеру нәтижелері бойынша 4 054 қол танылды. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 1%-дан азын құрайды. Осылайша, "Сайлау туралы" Конституциялық заңның 56-бабы 2-тармағының кандидатты қолдауға сайлаушылар қолының қажетті саны туралы талабы орындалмады", – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина отырыс барысында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу