ОСК: Барлық өңірдің сайлау учаскелері сайлау өткізуге дайын

678

Орталық сайлау комиссияның отырысында ел бойынша сайлау учаскелерінің дайындығы пысықталды.  

ОСК: Барлық өңірдің сайлау учаскелері сайлау өткізуге дайын Фото: Алмас Қайсар

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров орталық сайлау комиссиясының өкілдері 16 қарашаға дейін өңірлерді аралап, сайлау учаскелерінің дайындығын тексеріп қайтқанын айтты. 

"53 қала мен ауданды аралау барысында 155 сайлау учаскесін техникалық жарақтандыру, оқыту және ұйымдастыру жұмыстары жасалды. ОСК мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары үшін кейс технологиясы негізінде іскерлік ойын түрінде тренингтер өткізді", - деді Нұрлан Әбдіров.

Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісованың дерегінше, Астана қаласы бойынша 406 сайлау учаске бар. Оның 304-і – азаматтардың тұрақты тіркеу орны бойынша, 34-і уақытша болу орындарында, 68-і - ҚР шет елдердегі өкілдіктері жанынан құрылды.

"304 сайлау учаскесіне мүгедектегі бар жандарға пандус, тағы басқа қажетті жабдықтармен қамтылды. Сайлаушыларға дауыс беру уақыты мен аяқталу туралы құлағдар етілді. Ақпараттық тақтайшаларға ақпараттар ілінді. Барлық сайлау учаскелері дауыс беру күніне дайын", - деді Бақыт Бектемісова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу