ОСК: қазірге дейін сайлаушылардың 62,34 пайызы дауыс берді

468

Республика азаматтарының 62,34 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.      

ОСК: қазірге дейін сайлаушылардың 62,34 пайызы дауыс берді Фото: election.gov.kz

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

Абай облысы бойынша – 73,57,

Ақмола облысы бойынша – 71,38,

Ақтөбе облысы бойынша – 68,81,

Алматы облысы бойынша – 55,11,

Атырау облысы бойынша – 60,87,

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62,

Жамбыл облысы бойынша – 68,74,

Жетісу облысы бойынша – 68,88,

Қарағанды облысы бойынша – 71,89,

Қостанай облысы бойынша – 71,38,

Қызылорда облысы бойынша – 72,88,

Маңғыстау облысы бойынша – 59,61,

Павлодар облысы бойынша – 72,73,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21,

Түркістан облысы бойынша – 8,09,

Ұлытау облысы бойынша – 72,75,

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42,

Астана қаласы бойынша – 44,39,

Алматы қаласы бойынша – 26,19,

Шымкент қаласы бойынша – 56,28 пайыз.

Анастасия Щегорцованың дерегінше, жалпы таңғы сағат 16-00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 450 195 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 62,34 пайызын құрайды.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті.

Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 64 учаскеде дауыс беру басталды.

Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 097 учаскеде өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу