Бүгін Астанадағы Орталық сайлау комиссиясының отырысында парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттың кезектен тыс сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары бекітілді. Оған сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын өткізу туралы қаулы қабылданды.
"Мәжіліс депутаттарының да, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының да сайлауын 19 наурызда бір күнде өткізу ұсынылды. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Парламент мәжілісі депутаттарының сайлауы кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалды.