ОСК мүшесі лауазымынан босатылды

837

20 жыл сайлауға араласқан Бақыт Мелдешев ОСК мүшелігінен шығарылды. 

ОСК мүшесі лауазымынан босатылды

"Интерфакс-Қазақстанның" жазуынша, Сенат депутаттары ОСК-ның ардагер мүшесі Бақыт Мелдешевті лазауымынан босату туралы ұсынысты бірауыздан  қолдап дауыс берген. 20 жыл бойы ОСК құрамында түрлі сайлауларға атсалысқан шенеунік мүшеліктен өкілет мерзімі бітуіне байланысты босатылып отыр. 

"Конституциялық өкілет мерзімі аяқталғандықтан, оны ОСК мүшесі лауазымынан босатуымыз керек. (...) Мелдешев еліміздің сайлау жүйесінің іргесін қалауға зор үлес қосты. Біз оған көп алғыс білдіреміз. Әрі қарайғы жұмысынан табыс тілейміз",– деді Сенат спикері Дариға Назарбаева палатаның кеңейтілген отырысында.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу