ОСК: Президенттікке үміткер кандидаттардың үгіт-насихатына ақша бөлінді

723

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер кандидаттардың сайлауалды штабтары үшін семинар болып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ОСК: Президенттікке үміткер кандидаттардың үгіт-насихатына ақша бөлінді Фото: tolqyn.kz

Семинар 20 қараша Қазақстанның Президенттігіне үміткер кандидаттардың өкілдеріне арналған. Күні кеше 18:00-ден бастап кандидаттардың штабтары өз жұмыстарын бастағаны белгілі. Отырыс барысында кандидаттардың үгіт-насихатына мемлекеттен қанша ақша бөлінеді, қандай талаптар бар екені айтылды.

"Орталық Сайлау комиссиясының 28 қыркүйекте қабылданған қаулысымен кандидаттардың сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары үшін шығыс сайлауалды бағдарламамен БАҚ-да сөз сөйлеу – 9  012 600 теңгені, кездесулер мен аггитациялық материалдар үшін – 800 мың теңге, жол жүру шығындары – 500 мың теңгені құрайды. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана берiледi. Сайлау комиссиясының қорындағы ақша 6 бағыт бойынша жұмсалады.

1. Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу;

2. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары (дебаттар, кездесулер т.б.);

3. Аудио-визуалды үгіт насихат материалдарын таратуға, шығаруға;

4. Үгіт-насихат жүргізу барысында заңды және жеке тұлғалық қызметтерге;

5. Кандидаттың жол жүру, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына мамандарға еңбек ақы төлеуге;

6. Сайлау компаниясының тегін тарату үшін үгіт-насихат құралдары (значок,футболка т.б.);

Сайлау комиссиясының қорынан жұмсалған әрбір тиын үшін кемінде айына екі рет есеп беріледі" – деді ОСК хатшысы Сабина Мұстафина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу