ОСК президенттікке ұсынылған кандидаттың бәрін тіркеді

854

Сайлауға түсуге 7 кандидат тіркелді.

ОСК президенттікке ұсынылған кандидаттың бәрін тіркеді Фото: Серікжан Қобыланбаев

Орталық сайлау комиссиясы Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келетін барлық ұсынылған кандидаттарды тіркеді, деп хабарланды ОСК-ден.

Президенттікке 7 кандидат тіркелді:

1. "Nur Otan" партиясы атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 3 мамырда кандидат ретінде тіркелді.

2. Сәді-Бек Түгелді "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы ұсынды. ОСК 3 мамырда оны кандидат деп тіркеу туралы қаулыны қабылдады.

3. 4 мамырда "Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы" ұсынған Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов тіркелді.

4. "Ақ жол" ұсынған кандидат Дания Мәдиқызы Еспаеваны тіркеу туралы қаулы 4 мамырда қабылданды.

5. "Ауыл" партиясының өкілі Төлеутай Сатайұлы Рахымбековке 6 мамыр күні кандидат куәлігі берілді.

6. 6 мамырда Жамбыл Әужанұлы Ахметбековті тіркеу туралы қаулы шығарылды. Ол "Қазақстан Коммунистік Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған.

7. "Ұлт тағдыры" ұлттық патриоттық қозғалысы ұсынған Әміржан Сағидрахманұлы Қосановқа 6 мамырда кандидат куәлігі берілді.

Республика президенттігіне кандидаттарды тіркеу кезеңі 11 мамырда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу