ОСК референдум өткізу туралы өтінішті тіркеуден бас тартты

1508

Бұл туралы ортсайкомның ресми сайтында хабарланды.   

ОСК референдум өткізу туралы өтінішті тіркеуден бас тартты

Референдум болмайды. Орталық сайлау комиссиясы бастамашыл топтың жалпы халық талқылау өткізу ұсынысын қабылдамай тастады. Бұл туралы ортсайкомның ресми сайтында хабарланды. Онда өтініштің қабылданбауына бірнеше себеп дәйек ретінде көрсетіліпті. Соның бірі - референдум өткізу алдындағы жиынға қатысушылар санының анық болмауы. "Республикалық референдум туралы" Заңның 12-бабына сәйкес, халықтық талқылауға әрбір өңірден ең кемі 30 адамнан жиналып, 510 адам қатысуға тиіс. Бірақ Орталық комиссияға әкелінген құжатта 585 адам қатысады деп көрсетілгенімен, олардың аты-жөндері ашық тіркелмеген.

Еске салсақ, 20 қарашада Қазақстанда сайлау туралы заңды өзгерту жөнінде референдум өткізуді ұсынып,  62 адамнан тұратын бастамашыл топ өтініш жасаған. Белсенділер жалпы халықтық талқылауға 2 сұрақты шығармақ болыпты. Біріншісі ­- пропорциялық жүйемен тең мөлшерде бір мандатты округтер бойынша сайлау жүйесін енгізу, екіншісі - партия мүшелері санын 40 мыңнан 1 мың адамға дейін азайту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу