Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бүгінде бір шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 15 байқаушы аккредитациядан өтуге ұсынылды. Атап айтқанда, Иран Ислам Республикасынан 1 кандидат, ТМД бақылаушылар миссиясынан 14 үміткер", - деді Мұхтар Ерман.
Айта кетейік, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу