ОСК сайлау бюллетенінің 5 түрін ұсынды

1004

19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.  

ОСК сайлау бюллетенінің 5 түрін ұсынды Фото: election.gov.kz

Сайлауда дауыс берушілерге 5 түрлі бюллетень ұсынылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері көк түсті болып белгіленді.

 

Ал бірмандаттық округ бойынша жасыл түсті бюллетеньдер белгіленді.

 

Партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі - күлгін.

 

Ал бірмандаттық округ бойынша сайлау бюллетені - қызылсары түсті.

 

Бірмандаттық округ бойынша қалалық немесе аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі сұр болып белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу