ОСК: Сайлау процесін 80 мыңнан астам ұлттық байқаушы қадағалады

427

Дауыс беру күні саяси науқанды 80 мыңнан аса ұлттық байқаушы бақылады.  

ОСК: Сайлау процесін 80 мыңнан астам ұлттық байқаушы қадағалады Фото: election.gov.kz

Сайлаудың алдын ала қортындысын жариялау барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осылай мәлімдеді.

"Дауыс беру күні байқауды 80 мыңнан аса ұлттық байқаушы жүзеге асырды. Оның ішінде кандидаттардың саяси партиялардың 38 908 сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың 19 036 байқаушысы, 252 аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің 23 383 байқаушысы және халықаралық ұйымдардың 793 байқаушысы қатысты", - деді Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік, бүгін 19:00-де Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу