ОСК: Салтанат Тұрсынбекова кандидат ретінде ресми тіркелді

635

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбековаға кандидат куәлігін тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ОСК: Салтанат Тұрсынбекова кандидат ретінде ресми тіркелді Фото: informburo.kz

"Орталық сайлау комиссиясының аппаратына Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованың ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді Қазақстан Халық банкіне арнаулы шотты ашу үшін дереу жіберуді және кандидаттың тіркелгені турлы хабарды БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

ОСК мәліметі бойынша, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары ҚР Президенттігіне кандидатты қолдауға сенім білдірілген адамдар еліміздің 18 өңірінде 119316 азаматтың қолдарын жинағанын тіркеген. Оның ішінде 119316 қол тексерілді, 118 434 сенімді деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу