ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдады

606

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.

ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдады

Орталық Сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекованың ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға сай келетіндігін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, ҚР Конституциялық Заңының 54-бабына , 3-тармағына және 2-тармақшасына, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова ҚР Конституциясы және ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға толық сәйкес келеді.

Сондай-ақ, аталған үміткердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты лингвистикалық комиссия шешімі шықты. 

"Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы мемлекеттік тілді еркін меңгергені растап, бірауыздан шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу