ОСК Сенат депутаттары сайлауының түпкілікті нәтижесін жариялады

977

Сайланған 20 сенатордың үшеуі – әйел адам, ал 17-сі – ер адам. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

ОСК Сенат депутаттары сайлауының түпкілікті нәтижесін жариялады Фото: parlam.kz

Олардың арасында төртеуі ҚР Парламентінің депутаты, бесеуі – облыстық мәслихат хатшылары, төртеуі – облыс әкімдерінің орынбасарлары. Сонымен қатар 2 аудан әкімі, 2 мемлекеттік орган қызметкерлері, 1 оқу мекемесінің басшысы, 1 облыстық басқарма басшысы және 1 акционерлік қоғам өкілі де бар.

ОСК ұсынған мәліметтерге сәйкес, келесі азаматтар ең көп дауыс жинады:

  • Абай облысы: Тастекеев Қайрат Құлбайұлы – Семей қаласындағы құрылыс колледжінің директоры
  • Ақмола облысы: Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы – Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы
  • Ақтөбе облысы: Нугманов Амангелді Шайхоллаұлы – Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы
  • Алматы облысы: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты
  • Атырау облысы: Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы – Атырау облыстық мәслихатының хатшысы
  • БҚО: Өтеғұлов Арман Кәрімұлы – БҚО әкімінің бірінші орынбасары
  • Жамбыл облысы: Арубаев Сәкен Қаланұлы – Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі
  • Жетісу облысы: Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты
  • Қарағанды облысы: Өтешов Серік Балғатайұлы – Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы
  • Қостанай облысы: Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы – "Қостанай облысы әкімініңнің аппараты" ММ бірінші орынбасары
  • Қызылорда облысы: Рүстемов Руслан Рүстемұлы – Қызылорда облысы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы
  • Маңғыстау облысы: Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы – Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары
  • Павлодар облысы: Әйткенов Ернұр Нұрмұханұлы – Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы
  • СҚО: Кәрімова Гүлмира Раинбекқызы – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрайымы
  • Түркістан облысы: Қадырбек Мұрат Болатұлы – Жетісай ауданының әкімі
  • Ұлытау облысы: Медебаев Советбек Тұрсынұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты
  • ШҚО: Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы – ШҚО әкімінің орынбасары
  • Астана қаласы: Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – ҚР Парламент Сенаты Төрағасының кеңесшісі
  • Алматы қаласы: Асанова Жанна Бейсентайқызы – "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі
  • Шымкент қаласы: Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты.

Бұдан басқа Астана қаласынан шығып қалған ҚР Парламенті Сенаты депутатының орнына сайлау өткізіліп, Сенат депутаты болып депутаттық өкілеттігі тоқтаған Андрей Лукин сайланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу