ОСК: Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылды

508

ҚР Орталық сайлау комиссиясына Парламент сенаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну 14 желтоқсанда аяқталды.  

ОСК: Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылды Фото: ortalyq.kz

Барлығы 130 адам кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, күнтізбелік жоспарға сәйкес, Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 14 желтоқсан күні сағат 18:00-де аяқталды.

"2022 жылғы 29 қараша мен 14 желтоқсан аралығында республика бойынша Парламент сенатының депутаттығына 130 кандидат ұсынылды. Бір депутаттық орынға 6 кандитаттан келеді. Өңірлер бөлінісінде ең көп кандидат ұсынған облыстар: Абай, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары – әр облыстан 8 кандидаттан. Астана, Алматы қалалары 10 кандидаттан ұсынды.  Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары 5 кандидаттан, Шымкент қаласы 6 кандидат ұсынды", - деп хабарлады ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Оның айтуынша, барлық дерлік кандидат өзін-өзі ұсынған. 130 үміткердің бәрі өз бетінше өтініш берген, солардың ішіндегі 3-інің кандидатурасын кейін жергілікті мәслихаттар қолдаған.

Үміткерлердің орташа жасы – 50,5 жас. Ең кішісі - 30 жаста, ол Ақтөбе облысынан. Ең үлкені - 74 жаста, ол сайлауға Батыс Қазақстан облысынан түседі. Кандидаттардың төрттен бірі әйел. Бірер күнде барлық кандидаттың аты-жөні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу