ОСК: Теледебатта қандай тақырыптарды талқылауға болмайды?

630

Орталық сайлау комиссиясы 11 қарашада өтетін кандидаттардың сайлауалдындағы телевизиялық пікірсайысында қандай мәселелерді талқылауға болмайтынын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

ОСК: Теледебатта қандай тақырыптарды талқылауға болмайды? Фото: inform.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, ОСК тарапынан 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар мен пікірталастарды өткізу регламенті келісілген.

"Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастарды өткізу барысында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық, тектік алауыздықты, зорлық-зомбылық қатыгездігіне табынуды қоздыруды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құруды насихаттауға және үгіттеуге жол берілмейді. Бұл осы пікірталастарда талқылауға қойылатын жалғыз шектеу ғана. Қалғанының бәрі, яғни заң аясында кез келген сұрақтар қойылуы мүмкін", - деді Анастасия Щегорцова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу