ОСК төрағасы қазақстандықтарға үндеу жариялады

755

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау алдындағы тыныштық қарсаңында үміткерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 ОСК төрағасы қазақстандықтарға үндеу жариялады Фото: Turkystan.kz

"Сайлау" туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат сайлау болатын күннің алдында жергілікті уақытпен сағат 00:00-де аяқталады. Осылайша бүгін сайлауалды үгіттің соңғы күні. Сайлау процесіне қатысушылардың барлығының назарын, ертең яғни 19 қараша – тыныштық күні екеніне аударғым келеді. Яғни бүгін түнгі 00:00-ден сайлау күніне дейін тыныштық күні жарияланады. Осыны есте сақтаңыздар", - деді Н. Әбдіров Орталық сайлау комиссиясында өткен жиналыста.

Тыныштық күні сайлауалды үгіт-насихатпен байланысты кез келген іс-әрекетке тыйым салынады және ол үшін заңнама мен құқықтық жауапкершілік көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу