ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов ОСК қаулысымен Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы заң талаптарына сай келетіндігін мәлімдеді.
ОСК мәліметтеріне сәйкес, Дайрабаевтың сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда 7 жыл жұмыс тәжірибесі бар. Лингвистикалық комиссияның қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
Жигули Дайрабаев республиканың жиырма өңірінен 125 081 азаматтың қолын жинады. Олардың барлығы тексеріліп, 119 975 қол сенімді деп танылған.
Айта кету керек, Жигули Дайрабаев 2019 жылы "Қазақстан фермерлер одағы" қауымдастығының президенті болып тағайындалды. 2022 жылдың жазында "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы президиумының агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы болып сайланды.