2025 жылғы "Оскар" сыйлығының иегерлері жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Оскар-2025" сыйлығының иегерлері:
- Үздік фильм – "Анора";
- Үздік режиссура – Шон Бейкер ("Анора");
- Үздік актер – Эдриан Броуди ("Бруталист");
- Үздік актриса – Майки Мэдисон ("Анора");
- Екінші пландағы үздік ер адам рөлі – Киран Калкин ("Нағыз азап");
- Екінші пландағы үздік әйел рөлі – Зои Салдана ("Эмилия Перес");
- Үздік халықаралық фильм – "Мен әлі осындамын";
- Үздік түпнұсқалық сценарий – "Анора";
- Үздік бейімделген сценарий – "Конклав";
- Үздік қысқаметражды фильм – "Мен робот емеспін";
- Үздік деректі фильм – "Басқа жер жоқ";
- Үздік деректі қысқаметражды фильм – "Оркестрдағы жалғыз қыз";
- Үздік толықметражды анимациялық фильм – "Поток";
- Үздік анимациялық қысқаметражды фильм – "Кипарис көлеңкесінде";
- Үздік операторлық жұмыс – "Бруталист";
- Үздік декорациялық жұмыс – "Зұлым: Батыс жалмауызы туралы әңгіме";
- Үздік монтаж – "Анора";
- Үздік визуалды әсерлер – "Дюна: Екінші бөлім";
- Үздік музыка – "Бруталист";
- Үздік дыбыс – "Дюна: Екінші бөлім";
- Үздік түпнұсқалық саундтрек – El Mal, "Эмилия Перес";
- Үздік костюм дизайны – "Зұлым: Батыс жалмауызы туралы әңгіме";
- Үздік грим – "Субстанция".
Айта кету керек, осыған дейін "Оскар-2025" сыйлығының үміткерлері туралы жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу