Өскемен әкімдігі әлеуметтік желілерге арналған патриоттық стикерлерге 821 мың теңге жұмсамақ

744

Өскемен қаласының әкімдігі әлеуметтік желілерге арналған патриоттық стикерлерге 800 мың теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz "КазТАГ" сайтына сілтеме жасап.

Өскемен әкімдігі әлеуметтік желілерге арналған патриоттық стикерлерге 821 мың теңге жұмсамақ Фото: КазТАГ

"Тапсырыс беруші – "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі; Қосымша сипаттама – әлеуметтік желілерге арналған патриоттық стикерлерді әзірлеу және дайындау бойынша қызметтер; жоспарлы сома – 821 428,57 теңге", – делінген Мемлекеттік сатып алулар порталындағы лот хабарландыруында.

Жергілікті атқарушы орган бұл соманы WhatsApp, Telegram мессенджерлері мен Instagram, TikTok әлеуметтік желілері үшін кемінде 400 дана патриоттық стикер жасауға, оларды Өскеменнің ақпараттық пабликтерінде орналастыруға жұмсауды жоспарлап отыр.

Техникалық сипаттамасында "Жеткізуші кемінде 100 мың адамды қамтитын мессенджерлердегі ұжымдық чаттарға жіберуді қамтамасыз етуге міндетті" деп көрсетілген.

Стикерлердің персонаждары ретінде өскемендіктер арасында танымал тұлғалар, пікір көшбасшылары бейнеленеді деп жоспарланған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу