"Қаражыра" АҚ Өскемен қаласының әлеуметтік аз қамтылған топтағы адамдары үшін қосымша 5 мың тонна көмір бөлетін болды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Бұл жөнінде Өскемен қаласы әкімдігінің фейсбуктегі парақшасында жазылған.
Мұндағы ақпаратқа сүйенсек, биыл бөлінген 35 мың тонна жеткізіліксіз болып, көптеген отбасы оған қол жеткізе алмаған.
Осы аптада кәсіпорын және әкімдік арасында қосымша әлеуметтік көмір бөлу жөнінде меморандумға қол қойылмақ. Сондай-ақ, әлеуметтік бағамен сатылатын (8300 тенге) көмір де қалаға осы аптада келе бастамақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу