Өскемен тұрғындары қалаға сатып алынған трамвайлардың ескі екеніне наразы. Осыған қатысты қала әкімдігі facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында түсінік берді, деп хабарлайды altaynews.kz.
Сол мәлімдемеге сүйенетін болсақ, бұл вагондардың жылы ескі болғанымен, сыртқы түрі де, техникалық жағдайы да жақсы екен
"КТ — 4D үлгісі, Германияда шығарылған, жылы – 1995, төрт есікті, екі секциялы вагон. Ішкі жағы да ыңғайлы, кең, сыйымдылығы жақсы. Бір вагонның бағасы – 9 миллион теңге. Сатып алынған 13 вагонға 118 миллион теңге қаражат жұмсалды. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, Белоруссияда жасалатын ең арзан вагонның бағасы 30 миллион теңге, ал қалада трамвайлардың тұрақты қозғалысын реттеу үшін кем дегенде 10 вагон қажет", — деп жазады Өскемен әкімінің баспасөз қызметі.