Өскемен әкімдігі үйлердің балконындағы мемлекеттік туларды 1,6 млн теңгеге ауыстырмақ

749

Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік сатып алу порталында хабарландыру жариялады.  

Өскемен әкімдігі үйлердің балконындағы мемлекеттік туларды 1,6 млн теңгеге ауыстырмақ Фото: orda.kz

Оған сәйкес, қала орталығында бес көпқабатты үйдің балкондарында ілініп тұрған мемлекеттік ту тәрізді баннерлер ауыстырылуы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қала әкімдігі бұл жұмысқа 1,6 млн теңге бөлуге әзір. Ту тәрізді баннерлердің жалпы саны 95 болуға тиіс.

Тендерді ұтып алушыға қойылатын басты талап: маталардың көлемі 3м*1м, 2м*1м болуы керек.

Сонымен бірге жеңімпаз осы баннерлерді орнатқаннан кейін жыл соңына дейін күтіміне де жауапты болады. Яғни, бүлінген жағдайда жаңасына ауыстыруы қажет.

Тапсырыс беруші тарап "Жарнама туралы", "Тіл туралы" заңдарды қатаң сақтауды талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу