ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға бүгін таңертең "Өскемен-Алтай" тасжолының 16-шақырамында болған.
"29 жастағы ер адам Lexus көлігімен Өскеменге қарай келе жатқан. Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген ол рульді басқара алмай қалғанда көлігі жыраға құлап, аударылып түсті", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Көлік жүргізушісі ауыр жарақаттары салдарынан көз жұмды. Сондай-ақ зардап шеккен 19 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.