Өскемен ауасы ластанып кетті

1508

Өндірісті қала Өскеменнің ауасы күн өткен сайын ластанып барады. Тұрғындар үшін ондағы экологиялық жағдай өзекті мәселеге айналғалы қашан?! 

Өскемен ауасы ластанып кетті Фото: Halyq Uni

Қаладағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегид секілді зиянды қалдықтардың кейде шектен асып кететінін мамандар растап отыр. Сол кезде тамағы ауырып, аурухана іздеп кететін ел көбейеді. Алайда, сырқаттанған жандар дәрігерлер тек тұмау деп диагноз қойып беретініне қынжылады.

Өскеменнің ауасы зиянды қалдықтарға толған кезде айналаны тұман басып, көзге ештеңе көрінбей кетеді. Мұндай сәттің жиі болатынын қала халқы жақсы біледі. Ондай кезде есік-терезесін қымтап жауып, далаға шықпауға тырысады. Ал соңғы күндері ауаның ластануы қатты сезіліп, тамағы ауырғандардардың ауруханаға баруы жиілеп кеткен.

"Ауаның ластануы әсіресе, таңертеңгі уақытта қатты сезіледі. Балаларымыз сол уақытта жөтеле бастайды. Ешқандай тұмаудың белгісі сезілмейді. Түтін мен зауыттан шыққан зиянды заттардан екенін білеміз", дейді Өскемен қаласының тұрғыны Таис Алпысова.

Дәрігерге қаралуға барғандар тамақтарының күйгенін айтса да ақхалаттылар тұмау белгісі бар  деп, диагноз қойып береді дейді. Сондықтан дұрыс емделу жолын айтқанын қалайды.

"Жұтқыншақтың күюі туралы диагнозды мен қоя алмаймын. Келген адамның көбі газдан тамағым күйіп қалды деп шағымданатыны рас. Біз денсаулық сақтау министрлігінің бұйырығы бойынша жұмыс істейміз ғой. Бұл туралы хаттама немесе қандай да бір құжат болса әрине қоямыз", дейді Дәрігер Гүлнәзи Шәріпова.

Ауаның ластанғанын экологтар да жоққа шығармайды. Бірақ шекті мөлшерден асқан жоқ деп отыр. Ал былтыр шамадан тыс ластану 

"Ауаның ылғалдығы 83 пайыз болып тұр. Ол өте биік көрсеткіш. Оған барлық лас оксидтер әрине ол ауаға келіп, оған жинақталып, бір-бірімен реакцияға келіп, өзінің зиянын келтіруде", дейді ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев.

Экологтар қазір қаладағы өндіріс ошақтарының ауаны ластау жағдайын азайтуды қатты қадағалауға алғандарын айтты. Сол арқылы ғана экология мәселесін оңалтпақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу