Бұған сол әуе компаниясының ішкі мәселелері себеп. Енді ұшаққа билет алып қойған жолаушылар облыс орталығынан 200 шақырым жол жүріп, Семей қаласынан ұшуға мәжбүр. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше ұшақтарға арналған аэронавигациялық мәліметтер өзгерген. Сондықтан әуежайдағы ұшып-қону жүйесінің жаңартылған координаттарын әуе тасымалымен айналысатын авиакомпаниялардың бәріне жіберген. Ол координатты қабылдамаған компания әзірше ұшып-қонудан бас тартып отыр. Қазір екіжақты келісім жүруде. Ал қазанның бірі күні ғана қайта пайдалануға берілген әуежайдың ұшып-қону алаңын Авиация әкімшілігі пайдалануға қабылдап алған.