Өскемен халқы интернетсіз қалды

492

Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің трассасында жоғары вольтты электр желісі қысқа тұйықталып, өрт болды.

Өскемен халқы интернетсіз қалды Фото: blog fiesta

"Қазақтелеком" оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Бұл туралы yk.kz жазды.

"Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің трассасында жоғары вольтты электр желісі қысқа тұйықталып, өрт болды. Соның салдарынан "Қазақтелеком" АҚ кабелі зақымдалды", – деді "Қазақтелеком" мамандары.

Өскемендегі ЖМК ықшам ауданында, Меновное және Ахмер ауылдары, Таврия және Герасимовка ауылдары және Риддер қаласының 16 437 абоненті интернетсіз қалды. "Қазақтелеком" АҚ жедел-құтқару жасақтары зақымданған аумақты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу