Өскемен қаласында жүрегі тоқтап қалған науқас қайта тірілді

264

Оқиға 18 маусым күні таңертең болған.  

Өскемен қаласында жүрегі тоқтап қалған науқас қайта тірілді Фото: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы

Өскеменде фельдшерлер бригадасы жүрегі тоқтап қалған науқасты қайта тірілтіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты altainews.kz порталына сілтеме жасап.

Сағат 04:35-те жедел жәрдем қызметіне 67 жастағы ер адамнан қоңырау келіп түскен. Науқас қатты ентігу, жүрек қағысының жиілеуі және инфаркт белгілеріне шағымданған. Оқиға орнына фельдшерлер Альфия Исмаилова мен Лильназ Ерхатова және жүргізуші Раджан Байғазиден құралған бригада жіберіледі.

Алғашқы көмек көрсетіліп, ЭКГ түсірілгеннен кейін науқасты ауруханаға жеткізу басталды. Жолда оның жағдайы күрт нашарлап, ауыр аритмия пайда болып, жүрегі тоқтап қалған. Бригада дереу жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Екі цикл СЛР-дан кейін жүрек қағысы қалпына келді.

"Науқас облыстық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды. Қазір оның жағдайы тұрақты", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл фельдшер Исмаилованың тәжірибесіндегі екінші жағдай. Алғашқысы 2024 жылғы сәуірде Солнечный ауылында болған. Ол кезде де 57 жастағы ер адамның өмірін жүрек тоқтағаннан кейін аман алып қалған.

Екі жағдайда да тәжірибелі бригаданың үйлесімді әрекеті шешуші рөл атқарып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу