Өскемен қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары аяқталды

489

"Өскемен ЖЭО" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу электр орталығы 2023-2024 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығын растайтын паспорт алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өскемен қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары аяқталды Фото: 2gis.kz

Бұл құжатты ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті берген.

"Осылайша, орталықтың энергия өндірісінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкестігі расталды. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысында ЖЭО-да негізгі және қосалқы жабдықтар бойынша жоспарланған жұмыстар толықтай аяқталды", - делінген хабарламада.

Орталықтағы №8, 9, 12, 13 қазандықтар, №4, 6, 8, 9, 10, 11 турбиналық қондырғылар ағымдағы жөндеуден, №11 қазандық пен №7, 12 турбиналық қондырғылар күрделі жөндеуден өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу