Өскемен қаласының әкімі ауысуы мүмкін

464

Келесі аптада қала әкімі сайланатын күн белгіленеді.

Өскемен қаласының әкімі ауысуы мүмкін Фото: gov.kz

Өскемен қаласының әкімі ауысуы мүмкін. Келесі аптада қала әкімі сайланатын күн белгіленеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтетіндігін айтқан болатын. осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде сайлауға дайындық жұмыстары басталды. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 11 қыркүйек күні  өтетін мәслихат сессиясында сайлаудың уақыты белгіленеді. 

- Сессияға ұсынылатын күн тәртібі – Шығыс Қазақстан облысының пилоттық өңірлерінің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 11.00-де басталады, - делінген облыстық мәслихаттың хабарландыруында.

Шығыс Қазақстанда облысында Өскемен қаласы ғана облыстық маңызы бар қалаға жатады.

Еске салайық, бүгін Абай облысы мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясы өтті. Онда пилоттық өңірлер болып табылатын Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкімдерінің сайлауы 5 қарашаға белгіленді.

Келесі аптада қала әкімі сайланатын күн белгіленеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу