Бұл туралы Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Алты жыл деген аз уақыт емес, көп те уақыт емес. Осы аралықта сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, шама-шарқымыз келгенше қызмет атқардық. Қала басшысы лауазымындағы қызметім тәмамдалуда. Осынау көрікті шаһар – Өскемен қаласының тұрғындарына, ел басшылығына маған сенім білдіргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін, – деді ол.
Жақсылық Омар өз сөзінде қала халқына алғысын айтып, Өскеменнің одан әрі дами беретініне сенім білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу