"Өскемен қаласының құрметті азаматы" атағы О.Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Қабиба Ақжігітоваға, "Өскемен жылу желілері" АҚ бірінші директоры Талғат Қоғабаевқа, Өскемен қаласы білім бөлімінің әдіскері Елена Кругловаға берілді.
"Қабиба Ақжігітова – өз елінің патриоты. Оның басшылығымен қаламыздың кітапханалары Қазақстанда бірінші болып өз жұмысына автоматтандырылған қызмет көрсету жүйесін енгізіп, оқырмандарға Интернет желісіне кіруге мүмкіндік берді. Талғат Қоғабаев маңызды коммуналдық кәсіпорынның бастауында тұрды. Елена Круглова білім беру саласында 44 жылдан бері жұмыс істейді", - деп жазды қала басшысы өзінің Instagram парақшасында.