Өскемен қаласының орталығы жылусыз қалды

226

Тұрғын үйлерден бөлек, ондаған әкімшілік және коммерциялық ғимарат, оның ішінде мекемелер мен дүкендер де жылусыз қалды.

Өскемен қаласының орталығы жылусыз қалды Фото: Pixabay.com

Өскеменнің орталық бөлігі жылусыз қалды. Қалада жүзден астам көпқабатты тұрғын үй мен ондаған мекеме ғимаратына жылу беру тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан, Қабанбай батыр, Буров және Мызы көшелеріндегі көпқабатты үйлердің тұрғындары таңертеңнен бастап батареялардың суып, жылу төмендегенін байқаған.

"Шығыс Жылу" АҚ мәліметінше, жылу желісінде жарылыс болған. Компания өкілдері ақау тұтынушы желісінің кіреберісінде анықталғанын, энергетиктер ақауды жою жұмысына кіріскенін хабарлады.

Жылумен қамтамасыз ету компаниясының ақпаратына сәйкес, жылу беру сағат 17:00-ге дейін толық қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін бірнеше көшедегі үйлер жылусыз қалады:

  • Буров көшесі: 9, 13, 15, 17, 19, 19/1, 21, 23, 25, 25/1, 25/2, 25/3, 27, 27/1, 27/2, 27/3, 29, 33, 35, 37, 39, 39/1, 39/2, 41, 45, 47, 49, 51/А;
  • Қабанбай батыр көшесі: 93, 95, 97/1, 99, 99/1, 105, 105/А, 114, 116, 118, 124, 126;
  • Қазақстан көшесі: 65, 72, 78, 78/А, 80, 82, 82/1, 84, 84/1, 86, 90, 92, 94, 96, 98, 98/1, 98/2, 102, 104, 106, 108, 110, 110/1, 114, 116, 118, 124, 126;
  • Мызы көшесі: 5, 5/1, 9, 11, 13, 15, 17/1, 21, 23, 25, 29, 31, 33, 35 және 1/В.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу