Өскемен қаласының прокуроры тағайындалды

2341

ҚР бас прокурорының бұйрығымен Серікжан Мырзалы ШҚО орталығының прокуроры болды.

Өскемен қаласының прокуроры тағайындалды

ҚР бас прокурорының бұйрығымен Өскемен қаласының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Облыс орталығының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Серікжан Мырзалы тағайындалды.

Серікжан Қуанышбекұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Шүлбі ауылында туған. Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының  ішкі істер министрлігінің жоғарғы мектебі және Қарағанды экономикалық университетін бітіген. 

Қадағалау органындағы еңбек жолын Павлодар қаласы прокуратурасының прокуроры қызметінен бастады. Павлодар облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Павлодар облысының Ертіс және Павлодар аудандары прокурорларының орынбасары, Павлодар облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

2006-2009 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында қызмет атқарды. Кейіннен Қазақстан Республикасының  арнайы есеп және құқықтық статистика Комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

2012ж. Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінде, Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік істер бойынша агенттігінде жұмыс істеді, кейіннен, қызметін прокуратура органдарында жалғастырды.

Осы қызметке тағайындалуына дейін бас прокуратураның заң күшіне енгіне үкімдерінің заңдылығын қадағалау Қызметінің пенитенциарлық жүйе мекемелерінде заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарды.

Құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі 24 жыл, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу