Өскемен қаласының тұрғыны блефаропластика жасатқаннан кейін көз жұмды

184

Қалалық сот косметологтің көмекшісіне қатысты үкім шығарды. 

Өскемен қаласының тұрғыны блефаропластика жасатқаннан кейін көз жұмды Фото: esquire.kz

Ол қаладағы салондардың бірінде блефаропластика жасатпақ болған әйелге дәрі еккен. Салдарынан салон клиенті көз жұмған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот таратқан ақпаратқа сәйкес сотталушы клиенттердің біріне блефаропластика (адамның қабағынан артық теріні алып тастау үшін жасалатын операция) жасау кезінде көмекші болуға келіскен. Отадан кейін косметолог көмекшісіне дәрі егуді өтінген. Себебі клиенттің беті ісіне бастаған.

– Медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы болмаса да, А. есімді азаматша салон клиентіне сынама ретінде лидокаин қосылған цефтриаксон еккен. Медициналық процедурадан кейін әйелдің жағдайы нашарлап кеткен, - делінген соттың хабарламасында.

Зардап шеккен әйел дереу медициналық орталыққа жеткізілді. Дегенмен оны құтқару мүмкін болмады.

Медициналық қызметпен заңсыз айналысқан косметологтің көмекшісі 2,5 жылға сотталды. Сондай-ақ ол 3 жылға медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сот әкімі әлі күшіне енбеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу