Өскемен көшелері бейнекамерамен бақыланады

1779

Келесі кезең – Семей қаласы. 2019 жылдан бастап заманауи камералар облыстың екінші үлкен шаһарына орнатылады.

Өскемен көшелері бейнекамерамен бақыланады

Өскемен көшелерін 4 мыңға жуық камера бақыламақ, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Облыс әкімдігінде "Өскемен қаласында фото-бейне түсірілім және бейнеталдау жүйесін құру және іске қосу" жобасын іске асыру бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестікаясындағы төртжақты келісімге қол қойылды. Құжатқа облыстық іші істердепартаменті, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы, "Ақпараттықтехнологиялар орталығы" мекемесі және "Көркем-Телеком" ЖШС тараптары қатысты.

"Цифрлық Шығыс" бағдарламасына сәйкес Өскемен қаласында жол қозғалысы, қоғамдық тәртіп ережелерінің түрлі бұзушылықтарын бейне және фототіркеу жүйесі енгізілуде.

Атап айтсақ, шаһардағы 74 жол қиылысына 888 камера (1қиылысқа 12 камерадан), 85 жол учаскесіне 340 камера (1 учаскеге 4 камерадан) орнатылады.

Сонымен қатар, 1700 камера адам көп жүретін 250 қоғамдық орынға қойылады. Олардың қатарында аулалар, теміржол және автокөлік бекеттері,көңіл көтеру орындары, базарлар, саябақтар, сауда орталықтары, көпірлер еніп отыр.

Ал, қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған қаладағы 1 мыңға жуық камера осы ортақ жүйеге қосылады. Осылайша жоба бойынша іске қосылатын бейнекамралардың жалпы саны 3 928 бірлікті құрамақ.

Осы жоба аясында, сондай-ақ, полиция қызметкерлері үшін бейнетүсірілімді көруге арналған планшеттер сатылып алынады.

"Келесі кезең – Семей қаласы. 2019 жылдан бастап заманауи камералар облыстың екінші үлкен шаһарына орнатылады. Одан әрі осы істі аудандарда қолға аламыз, алғашқы кезекте жұмысты Аягөз, Риддер, Шемонаиха жәнеЗырян қалаларында жалғастырамыз", – деді шараға қатысқан облыс әкімі ДаниалАхметов

Камераларды орнату ісімен мемлекеттік-жекеменші кәріптестік аясында "Көркем-Телеком" ЖШС айналыспақ. Шарт талаптары бойынша аталмыш серіктестік 5 жылдан соң барлық құрылғыларды мемлекет меншігіне толық өткізеді. Жобаның жалпы құны – 6,9 миллиард теңге. Камералар алдағы алты айдың ішінде толықтай орнатылып шығуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу