Өскемен көшелерінде құндыздар өздерін емін-еркін сезінетін болған

2339

Өскемен көшелерінде құндыздар өздерін емін-еркін сезінетін болған Фото: altaynews.kz

Кеміргіш аңдар Пермитин көшесінің ауданындағы Ертіс өзенінің тармағында ағаштарды құлатып тастапты, деп хабарлайды Алтайньюс.

Оқиға орнына келген эколог мамандар құлаған ағаштармен бірге құндыздардың баспана үйшігін  тауып алған екен.

"Бұл бірегей жағдай. Құндыздар – қорқақ аңдар, олар қаланың шуы мен қарбаласынан аулақ жерді мекендеуге тырысады. Қаланың қақ ортасында құндыздардың бұлай орнығуы алғаш рет орын алып отыр" , – дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Анатолий Филиппов.

Мамандардың пайымдауынша, бұл қолайлы экологиялық жағдайдың көрсеткіші болып табылады. Себебі аңдар лас су орындарын мекен етпейді екен. Экологтардың болжамына сүйенсек, құндыз санының қала ішінде күрт көбейіп кету қаупі туралы айтуға әлі ерте.

"Құндыздар аумақты құрылыс тұрғызып жатқан жоқ, күркелері де шағын. Оның үстіне көп аңға мұнда азық жеткіліксіз, өйткені өзен тармағының жағасында ағаштар саны аз", – дейді Анатолий Филиппов.

Әзірге құндыздарды басқа жерге көшіруге қатысты ешқандай шара қолданылмайды. Азықтары таусылғанда, олар өздері кетіп қалуы мүмкін екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу