Экологтар тыйым салынған материалды жолға қолданғаны үшін тазалықшыларға айыппұл салды. Тіпті қоршаған ортаға зияны тисе, сотқа сүйремек. Қала халқы да қыстағы қардан кейін көліктерінің шіри бастағанын айтып наразы.
Биыл қар көп жауды. Жолдар дер кезінде тазаланбай, тұрғындар тарапынан шағым көбейді. Ал күннің суықтығына қарамай кей көшелерде жауған қар мен қатқан мұз лезде еріп жатты. Себебі коммуналдық қызметшілер жолға себілген құмға тұз араластырған.
Алайда кәсіпорын басшысының түсінігі басқаша. Айтуынша, тұздың арқасында жолдағы талай техника аман қалған. Экологиялық кодексте техникалық тұзға тиым салынбаған деген басшы, заңда рұхсат берілсе, алдағы уақытта да пайдаланатындарын айтты.
Бұл жағдайды экология департаменті тексерген. Нәтижесінде мекемеден құм мен тұзды араластыру мөлшеріне қатысты ешқандай құжат табылмапты. Тұздың зиян екенін алға тартқан экологтар енді терең зерттеу жасамақ.
"Зерттеу жұмыстарын жүргіземіз көктемде. Соның нәтижесі бойынша экологияға әсер келтіретін болса, онда ондай тұзды келешекте қолдануға біз тиым салу үшін сотқа арыз береміз", дейді ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев.
Тексерушілер "Таза Өскемен" кәсіпорны тұзды соңғы бірнеше жыл қатарынан қолданып келген – дейді. Тұз қаладан шығарылған қар құрамында болғандықтан, қоршаған ортаға келтіретін зияны әлде қайда үлкен болуы да ықтимал.