Өскемен маңында шаңғы базасы өртенді

Шығыс Қазақстанда облысында дала өрті жалпы есеппен 2 мың гектар жерді шарпыды.  

Өскемен маңында шаңғы базасы өртенді Фото: khabar24.kz

Өскеменге жақын жерде шаңғы базасы толығымен жанып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір тілсіз жау оқшауланды.

Өрт сөндірушілер жалынның елді мекендер мен шаруа қожалықтарына  таралуын алдын алды.

Шығыс Қазақстанда облысында барлығы 2 мың гектардан аса жерде дала өрті сөндірілген. Оған 700-ден астам құтқарушы, Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің бригадалары жұмылдырылды. Биыл облыстың 40 тұрғыны құрғақ шөпті рұқсатсыз өртегені үшін айыппұл төлеген.

“Өртті сөндіруге барлығы 120-ға жуық техника жұмылдырылды. Өрттер негізінен тұрғындардың отқа абайсыз қарауына, рұқсат етілмеген жерлерде от жағуына байланысты орын алды”, – деді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу