Сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына келді. Қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау жүргізілді.
Объектілерді қарау және тексеру нәтижесінде қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарлама таратқан адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
ПД мұндай құқық бұзушылықтар қоғамдық резонанс тудыратын және оның ықтимал салдарын ескере отырып, ол үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу