Өскемен облысында балабақшасы мүлдем жоқ аудандар бар

755

Өскемен облысында балабақшасы мүлдем жоқ аудандар бар

Өскеменде мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында 11 балабақша салу жоспарда тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Биыл Өтепов және Революционная көшелерінде екі бөбекжайдың құрылысы басталады. Қалған жобалар инвесторлардың көмегімен жүзеге аспақ. Облыс орталығында балабақша атымен жоқ аудандар да бар. Болашақта түйткілдің түйіні шешіледі, – дейді қала әкімі Қуат Тұмабаев.

"Жаңа Согра ауданында бұған дейін балабақша болмаған. Биыл біз 140 орындық бөбекжай салуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, бізде мектепке дейінгі мекемелерге кезек мәселесі шешілмей келеді. Оны біржақты ету үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша балабақшалар салу жоспарымызда бар", - дейді Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу