Өскемен қаласында есірткі сатушыдан 10 келіден астам кептірілген марихуана және 1,9 келіге жуық гашиш тәркіленді, inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары бау-бақша қоғамдарының бірінде салмағы 105 грамнан асатын марихуананы өткізу дерегін анықтады.
"31 жастағы жергілікті тұрғын есірткіні 27 жастағы ер адамға 38 мың теңгеге сатқаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті отырған ВАЗ автокөлігі тоқтатылды. Оның скотч-лентамен оралған сөмкесі табылды. Көлікті тінту барысында спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті ұнтақ заты бар 3 орама табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы орамада 10 келіден астам кептірілген марихуана және шамамен 1,9 келі гашиш болғанын көрсетті", - делінген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.