Өскемен полицейлері жоғалған 5 жастағы баланы тапты

449

Бала көліктен шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.  

Өскемен полицейлері жоғалған 5 жастағы баланы тапты Фото: polisia.kz

Өскемен полицейлері жоғалған 5 жастағы баланы тапты, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 желтоқсанда “102” жедел арнасына 26 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол 5 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған.

Хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері жоғалған баланы іздеуге дереу кірісті. Кәмелетке толмаған баланы дабыл бойынша іздеу мақсатында Өскемен қаласы ПБ барлық жеке құрамы көтерілді. Тәртіп сақшылары ол туралы қандай да бір ақпарат білетін таныстары мен куәгерлерден сұрау жүргізді, іргелес аумақтар: аулалар, саябақтар, жастар жиналатын орындар, дәмханалар мұқият тексерілді. Қаланың барлық көшелеріндегі бейнебақылау камераларының жазбасын қарау ұйымдастырылды.

 – 15 минуттан кейін Боран-1 патрульдік экипажының қызметкерлері Дамир Ауғанбаев пен Жасұлан Дәулетханов М. Горький көшесінде орналасқан университеттің маңынан жоғалған баланы тапты. Полицейлер табылған баланы аман-есен анасына тапсырды, – деп мәлімдеді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула. Табылған баланың анасы Өскемен қаласы ПБ қызметкерлеріне және іздестіруге қатысқан барлық азаматтарға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу