2025 жылдың басынан бастап "Өскемен-1" станциясындағы желілік полиция қызметкерлері 79 құқықбұзушылықты анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұдан бөлек, аса қауіпті оқиға – терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру дерегі тіркелді. "Құқықбұзушы – Шемонаиха ауданының тұрғыны анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы, түзеу жұмыстары, бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін", – дейді мамандар.